Әйелді күйдіріп, азаптаған: Тараздағы жаға ұстатарлық оқиғаға қатысты ер адам ұсталды
Әлеуметтік желіде тараған ауыр айыптаулардан кейін күдікті полицияға жеткізіліп, қылмыстық іс қозғалды.
Жамбыл облысының орталығы Таразда әйелді азаптап, денесіне күйік салды деген ақпарат қоғамда қызу талқылануда. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, оқиға 15 шілде күні болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жәбірленушінің айтуынша, ол күндіз қонаққа барған. Бір сәтте есінен танып қалып, кейін қатты ауырсынудан оянған. Оның сөзінше, өзін шақпақпен (зажигалка) күйдіріп, беті, қолы мен аяқтарына темекі өшірген. Салдарынан денесінде көптеген күйік жарақаты қалған.
Сондай-ақ әйел өзіне интимдік қатынастан бас тартқаны үшін ер адам басынан тепкенін, кейін соққыға жығып, қала сыртындағы батпақты жерге апарып тастағанын айтқан. Оның сөзінше, ол жалаңаяқ қашып құтылған.
Жәбірленуші 18 шілде күні әпкесімен бірге Тараз қалалық Полиция басқармасының №2 полиция бөліміне арызданған. Әлеуметтік желіде жарияланған мәліметте полиция бөлімінде бірнеше сағат бойы жауап алынғаны және кейін оны негізгі күдіктінің жанына апарып, татуласуға көндіруге әрекет жасалғаны айтылған.
Осы оқиғаға қатысты Жамбыл облысы полиция департаменті ресми түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 108-1-бабының 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті.
Әзірге полиция әлеуметтік желіде тараған азаптау мен полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты барлық мәлімдемеге жеке-жеке түсініктеме берген жоқ. Тергеу нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.
Бұған дейін Таразда баланы көтеріп алып, жерге бір соққан жасөспірім анықталғанын хабарлаған едік. Балаға күш көрсеткен жасөспірімнің әрекеті видеоға түсіп қалды.
Тағы оқи отырыңыз: Түркістан облысында Қытай азаматын зорлады деген күдікпен ер адам қамауға алынды
Павлодарда сәбиімен келе жатқан әйелдің басына мұз құлады: Полиция қылмыстық іс қозғады
- Артық жүк жолды тоздырып жатыр: «ҚазАвтоЖол» 870 мың заң бұзушылықты тіркеді 23:15
- Астанаға ағылған халық: 6 айда елордаға 32 мың адам көшіп келген 22:49
- Қазақстан мен Әзербайжан пароммен жолаушылар тасымалын қайта бастайды 22:31
- Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай кешені бой көтеріп жатыр 21:56
- Жаңбыр мен аптап ыстық: 10 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 21:20
- Жүргізушілерге ескерту: Астанада маңызды жол учаскесі 6 күнге жабылады 20:56
- Қазақстанда жылжымайтын мүлік сату тәртібі өзгерді: Енді нотариусқа қатысты маңызды талап бар 20:33