15 Қыркүйек 2026, 16:35 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Астанада жанжалдан кейін ерлі-зайыпты қаза тапты: Не белгілі?

Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасындағы отбасылық жанжал ер адам мен әйелдің қаза табуымен аяқталған.

Не болды?

Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға елордадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасында жанжал болып, салдарынан екеуі де қаза тапқан.

Куәгерлер болды ма?

Көршілердің сөзінше, оқиға кезінде жақын маңда 12 және 14 жастағы екі бала болуы мүмкін.

Алайда бұл ақпаратты құқық қорғау органдары әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Себептері туралы не белгілі?

Жанжалдың нақты себептері мен ерлі-зайыптылардың қаза болу мән-жайы әзірге анықталып жатыр.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтіру және суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Анықталғандай, ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал кезінде 55 жастағы ер адам 53 жастағы жұбайына пышақ жарақатын салған, содан кейін өзіне де пышақ сұққан. Алған жарақаттарынан екеуі де оқиға орнында көз жұмды», – деп жауап берді ведомство редакция сауалына.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық себептері мен мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Еске салайық, бұған дейін Аралда учаскелік полиция инспекторын өлтірді деген 39 жастағы күдікті қамауға алынды

Тағы оқи отырыңыз: 

Аралда тұрмыстық жанжал кезінде учаскелік инспектор қаза тапты

Көршілер арасындағы жанжал: Шымкентте ер адам қаза тапты

Қарағандыда екі адамды өлтірді деген күдікпен 56 жастағы ер адам ұсталды