14 Мамыр 2026, 14:45
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Астанада қонақүйден ақша ұрлаған әйел ұсталды
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Астанада қонақүйден ақша ұрлаған күдікті ұсталды.
Астана қаласындағы Нұра аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері қонақүйде жасалған ұрлық дерегі бойынша жедел әрекет етіп, күдіктіні анықтады.
Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті азаматша қонақүйдің кіреберісінде ресепшннен ақша ұрлап кеткен.
Келтірілген материалдық шығын көлемі 156 мың теңгені құрады. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы бейнебақылау камераларының жазбасын қарап, куәгерлерден жауап алып, күдіктіні анықтады. Қазіргі таңда аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Астана қаласаның ПД баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері азаматтарды қоғамдық орындарда, әсіресе қонақүйлерде жеке заттарына мұқият болуға шақырады. Бөлмеден шыққанда есікті міндетті түрде жауып, бағалы заттарды ашық жерде қалдырмау ұсынылады.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда біреудің көлігін кірпішпен ұрып, тас-талқанын шығарған ер адам ұсталғаны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыздар:
- Министрлік: Жеткіліктілік шектерін көтеру қазақстандықтардың болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталған 12:52
- Ормуз бұғазында жағдай қайта ушықты: Иран мен АҚШ тағы да соққы жасады 12:24
- Күндегі қуатты жарқылдардан кейін магниттік дауыл өршіді 11:52
- Эбола өршіді: Конгода ондаған адам қайтыс болды 11:18
- БЖЗҚ зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектерін жариялады 10:46
- Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция халқына ізгі тілегін жеткізді 10:03
- Киберқауіптерден есірткі трафигіне дейін: ШЫҰ елдерінің ІІМ қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде 09:49