Астанада 26 жастағы жігіт көз жұмды: Бейнебақылау камералары тексеріліп жатыр
Астанадағы тұрғын үй кешенінің балконынан 26 жастағы ер адам секіріп кетті.
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 26 жастағы жігіт қаза тапты. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Полиция жас жігіттің қазасын растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция не деді?
BAQ.KZ редакциясының сауалына Астана қаласы Полиция департаменті марқұмның жеке басы анықталғанын мәлімдеді.
«Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаза тапқан 26 жастағы ер адамның жеке басы анықталды. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар тәркіленіп, зерттелуде», – деп хабарлады ведомстводан.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда сауда үйлерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды.
Тағы оқи отырыңыз:
Алматыда танысын өлтіріп, мәйітін жертөлеге жасырған күдікті ұсталды
Өртке оранған жүк көлігі: Жетісуда полицейлер 38 жылқыны құтқарды
Кассирді қорқытып, ақша алған: Қостанай облысында жанармай бекетіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды