6 Қазан 2026, 13:40 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Арқалықта 35 білім беру қызметкеріне тиісті төлемдер берілмегені анықталды

Еңбек заңнамасының сақталуына қатысты тексеру жүргізілді.

Прокуратураның араласуынан кейін Арқалықта зейнеткерлік жасқа жеткен 35 білім беру қызметкеріне 5 миллион теңгеден астам өтемақы төленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Арқалық қаласының прокуратурасымен қаладағы білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізілді. Тексеру барысында зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерлердің еңбек құқықтарының жүйелі түрде бұзылғаны анықталды.

Ұжымдық шарттарда көзделген өтемақылардың төленбеуіне, сондай-ақ еңбек қатынастарын тоқтатудың тиісті түрде рәсімделмеуіне байланысты 35 құқық бұзушылық фактісі анықталды.

Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде білім беру саласының 35 қызметкеріне жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам өтемақы төленіп, осылайша азаматтардың бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді. Сонымен қатар, заңда көзделген жауапкершілікке Арқалық қаласының білім беру ұйымдарына бағынысты 11 ұйымның басшысы тартылды, - деп хабарлады Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Қала прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда. Еңбек заңнамасының сақталуы, төлемдердің уақтылы және толық жүргізілуі, сондай-ақ бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі мәселелері тұрақты бақылауда болады.

Айта кетейік, бұған дейін прокуратура тексерісінен кейін Ұлытауда 250-ден астам бала қаржылай көмек пен тегін тамақ алмағаны анықталып, лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Қазақстан шекарасын кесіп өткен Иран азаматтары жауапқа тартылды

35,6 млн теңгенің дауы: Қызметін теріс пайдаланған жеке сот орындаушыға үкім шықты

Ақмола тұрғыны Instagram-дағы онлайн-ойындар үшін 4 жылға сотталды