Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңгеден астам салық төлемеген
Ақтөбе облысында жер қойнауын пайдаланушылардың салық міндеттемелерін толық орындамауы салдарынан мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам залал келтірілген. Бұл туралы облыстың табиғатты қорғау прокуратурасы жүргізген қадағалау жұмыстары барысында анықталды.
Прокуратура мәліметінше, 2022-2025 жылдар аралығында 127 келісімшарт аясында жер қойнауы учаскелерін пайдалануға байланысты салық міндеттемелері толық көлемде орындалмаған.
Қабылданған прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде бүгінгі күнге дейін мемлекетке 600 млн теңгеден астам қаражат өтелді. Сонымен қатар, 29 компания жалпы сомасы 250 млн теңгеге қосымша салық декларацияларын өз еркімен тапсырған. Қазіргі уақытта қалған салық міндеттемелерінің толық орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, – делінген Прокуратура хабарламасында.
Тексеру қорытындысы бойынша қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін салық қызметінің үш қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Еске салайық, бұған дейін Тасқала ауданында салық төлеуден жалтарған кәсіпорын 77 млн теңге қарызын өтеген еді.
Тағы оқи отырыңыз:
Үш ай салық төлемегендерге елден шығуға тыйым салынуы мүмкін