Тойға немесе туған күнге берілетін ақшалай аударымдардан салық төлеу қажет пе? – Кірістер комитеті түсіндірді

Тойға немесе туған күнге жасалатын ақшалай аударымдардан салық төлеу қажет пе

22 Қазан 2026, 11:15
АВТОР
 Нейрожелі арқылы жасалған 22 Қазан 2026, 11:15
22 Қазан 2026, 11:15
214
Фото: Нейрожелі арқылы жасалған

Туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде жасалатын ақшалай аударымдарға салық салынбайды. Бұл туралы Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аударылған ақшаға салық салына ма?

Ведомство түсіндіргендей, мұндай аударымдар сыйға тарту болып саналады, жеке сипатқа ие және салық салуға жататын кірістерге жатпайды.

Бұл Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын редакциясындағы 405-бабында қарастырылған.

Осылайша, мерекеде немесе басқа да жеке себептермен сыйлық ретінде алынған ақшаға салық салынбайды.

Айта кетейік, бұған дейін тойға заң керек пе, қазақстандықтар бір жылда тойға қанша қаржы жұмсайтыны туралы жазған болатынбыз. 

Наверх