Ақтөбеде ер адам танысының телефонынан білдіртпей 1 млн теңге аударып алған
Жәбірленуші ақшасы ұрланғанын бірнеше күннен кейін білген.
Ақтөбеде 41 жастағы ер адам танысымен бірге ішімдік ішіп отырған кезде достық көңіл-күйді өз пайдасына пайдалануды ұйғарған.
Танысының назары басқа жаққа ауған сәтте ол оның ұялы телефонын алып, банк қосымшасына кіріп, өзінің есепшотына 1 миллион теңге аударып жіберген.
Жәбірленуші ақша аударылғанын бірнеше күннен кейін ғана банк операцияларын тексеру барысында байқап, бірден полицияға жүгінген.
Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында күдікті кінәсін толық мойындап, аударылған ақшаны жеке қажетіне жұмсап үлгергенін айтқан. Аталған факті бойынша ұрлық дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ұрлықпен айналысқан бір отбасындағы үш келін ұсталды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Ақтөбеде ер адам қарызы мен алиментін жабу үшін жұмыс орнын тонап кеткен
Астанада емделуші стоматологиялық емханада ұрлыққа түсті
Жамбыл облысында сеніп тапсырылған 17 жылқыны иемденген күдікті ұсталды
- Суданда алтын кеніші опырылып, кемінде 67 адам қаза тапты 05:17
- Сауд Арабиясы Оман арқылы мұнай жеткізілімін арттырмақ: Мұнай бағасы төмендеді 04:26
- Аяз, жаңбыр және тұман: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды 03:41
- Еурокомиссия басшысы Канаданы ЕО-ның «қауымдастырылған мүшесі» етуді ұсынды 02:35
- Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонында ірі өрт шықты 01:28
- Сауалнама нәтижесі: Әлемде АҚШ-тың жаһандық көшбасшылығына қолдау төмендеді 00:31
- Астанада оқушылар кітапты ЖИ-мен бірге талқылайтын жоба іске қосылды 16.09.2026