Бүгiн 2026, 17:40 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Нұрасыл Ержанов

Ақтөбеде аттан құлап, мүгедек болып қалған тұрғынға 12 млн теңгеден астам өтемақы төленеді

Сот атпен серуендеу кезінде келтірілген зиянды өндіру туралы талапты қанағаттандырды.

Ақтөбеде сот атпен серуендеу кезінде орын алған қайғылы жағдайдан кейін келтірілген зиянды өндіру туралы азаматтық істі қарады.

Талап қоюшы сотқа демалыс орталығында аттан құлап, ауруханаға түскенін, нәтижесінде 2 топ мүгедектігін алғанын көрсетіп, жауапкерлерден ортақ тәртіпте материалдық шығын, моральдық залалды өндіру туралы талабымен жүгінген.

Істі қарау барысында талап қоюшы А.-ға атпен серуендеу қызметін көрсеткен кезде жауапкер О. техникалық қауіпсіздікті сақтау шараларын қамтамасыз етпегені анықталды, нәтижесінде талап қоюшы «А». ауруханаға түсіп, бірнеше ота жасатып, 2 топ мүгедектігі берілген. Сот талап қоюшы А.-ға материалдық шығын мен моралдық залалдың жауапкер О.-ның кінәсінен келтірілген деген қорытындыға келді. 2026 жылғы 20 наурыздағы сот шешімімен жауапкер О.-дан  2 270 098 теңге материалдық шығын, 10 000 000 теңге моралдық залал өндірілді, - деп хабарлады Ақтөбе қаласының №3 сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында зейнетке шыққан мұғалімдерге 7,2 млн теңге өтемақы төленетіні хабарланды

Тағы оқи отырыңыздар:

AZAL ұшағының апаты: Бозымбаев қазақстандықтарға берілетін өтемақыға қатысты пікір білдірді

Шұңқырға құлап, аяғын сындырған: Петропавл әкімдігі әйелге өтемақы төлейді

Шетелге жұмысқа орналастыруға уәде берген: Астаналық кәсіпкер сотта жеңілді