Ақтауда қызметкер "разборка" жасау үшін кеңсеге "қару мен граната" алып барған
Олар пиротехникалық бұйымдар мен пейнтбол қаруы екені белгілі болды
Ақтауда кәсіпорын кеңсесіне қару мен гранатаға ұқсас заттар алып келген ер адам ұсталды.
Полициядан мәлім еткендей, 30 сәуірде Ақтау қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына кәсіпорындардың бірінде ер адамның қолында граната барын айтып, қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жетті. Кәсіпорын қызметкері өзімен бірге сыртқы түрі гранатаға ұқсас заттарды, сондай-ақ қаруға ұқсайтын бұйымдарды алып келгені анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген барлық зат тексерілді. Алдын ала мәлімет бойынша, олар пиротехникалық бұйымдар мен пейнтбол қаруы екені белгілі болды. Айналымға тыйым салынған басқа заттар табылған жоқ, - деп хабарлады Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі.
Ер адам есірткіге мас күйінде болған және полицияға жеткізілді. Сот шешімімен ол есірткі заттарын медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.
Еске салайық, бұған дейін Астанада жүргізушілер жол үстінде "разборка" жасады.
Тағы оқи отырыңыздар:
Астанада мешітке барған әйел қымбат киімінен айырылып қалды
Ауладағы қайғылы жағдай: Астанада кішкентай бүлдіршінді көлік қағып кетті
Астаналық тұрғын курьер арқылы алаяқтарға 21 миллион теңге жіберген