Бүгiн 2026, 17:18 Фото: gov.kz

Ақмола облысында анасының қарызы үшін баланың шоты бұғатталған

Егіндікөл ауданының прокуратурасымен кәмелетке толмаған баланың құқықтары қалпына келтірілді.

Егіндікөл ауданында аудан прокуроры Азамат Аяғановтың жеке қабылдауына ауыл тұрғыны банктік шоттарының жеке сот орындаушысымен бұғатталуы мәселесі бойынша жүгінген.

Анықталғандай, қолданылған шектеу шаралары нәтижесінде оның кәмелетке толмаған қызының да банктік шоты бұғатталып, соның салдарынан бала мектеп асханасындағы тамақтану ақысын төлеу мүмкіндігінен айырылған. 

Прокурор жедел шаралар қабылдап, бұзылған құқықтар қалпына келтірілді, кәмелетке толмаған баланың шотындағы шектеулер алынып тасталды. Бұзылған құқықтар қалпына келтірілуіне байланысты өтініш беруші облыс прокурорының атына алғыс хат жолдады. Прокурорлардың жеке қабылдаулары азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тәсілдерінің бірі болып қала береді, өйткені мұндай жағдайда адам тікелей жүгініп, нақты құқықтық көмек ала алады, - деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 1000-нан астам балаға тегін ыстық тамақ берілмегені анықталды

Тағы оқи отырыңыздар: 

Атырау облысында сақтандырусыз жұмыс істеген 520 медқызметкер анықталды

Алимент төлемейтіндердің кірісі цифрлық жүйемен тексеріледі

Заңсыз табыс: Астана тұрғыны TikTok пен YouTube-та құмар ойындар ұйымдастырған