Алтын алқаны жұлып алған: Ақмолада зейнеткерді тонаған шетелдік Астана маңында ұсталды
Шетелдік Ақмола тұрғының мойнынан алтын алқаны жұлып алып, қашып кеткен. Полиция күдіктіні ізін суытпай ұстады.
Ақмола облысында 74 жастағы зейнеткерге шабуыл жасап, алтын бұйымын тартып алған шетелдік азамат ізін суытпай ұсталды. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға Ақкөл ауданына қарасты Барап ауылында болған. Полицияға жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Жәбірленушінің айтуынша, күндіз оның үйіне белгісіз ер адам келіп, алтын бұйымға бу генераторын айырбастауды ұсынған. Алайда зейнеткер бұдан бас тартып, бейтаныс адамды үйден шығаруға тырысқан.
Осы кезде ол әйелдің мойнындағы алтын алқаны жұлып алып, көлікке мініп, оқиға орнынан қашып кеткен. Есеңгіреген әйел дереу туыстарына, содан кейін құқық қорғау органдарына хабарласқан.
Ақпарат түскен бетте криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын бастады. Жедел әрекеттің арқасында тәртіп сақшылары күдіктінің мінген көлігінің маркасын анықтап, барлық патрульдік нарядтарға бағдар берді. Ақпарат түскеннен кейінгі екі сағат ішінде күдікті елордаға кіре берісте ұсталды. Көлікті тінту барысында ұрланған алтын алқа табылып, тәркіленді, - деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта полицейлер оның Ақмола облысы мен өзге де өңірлерде осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін бес жыл бойы қашып жүрген шетелдік Қазақстанның оңтүстігінде ұсталды.
Тағы оқи отырыңыз:
3 млн теңгеден астам ақша бопсаланған: Павлодарда алты күдікті қолға түсті
«Сөмкемде бомба бар» деген жолаушы ұсталды
20 жыл бойы іздеуде болған қазақстандық Ресейде ұсталды
Посмотреть эту публикацию в Instagram