Автобуста жанжал шығарып, жолаушыларды пышақпен қорқытқан ер адам ұсталды
Пышақ кезеніп, жолаушыларды қорқытқан.
Алматыда автобуста жанжал шығарып, жолаушыларды пышақпен қорқытқан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласының Жетісу аудандық Полиция басқармасына қоғамдық көлікте жолаушыларға қауіп төндіріп, жанжал шығарған ер адам туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері жедел жетті. Алайда ер адам агрессивті әрекетін тоқтатпай, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.
Полиция қызметкерлері оның құқыққа қайшы әрекетін тоқтатып, пышағын алып, ер адамды полиция басқармасына жеткізді. 38 жастағы Нұржан Майлыбаевқа қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешімімен оған 12 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды, - деп хабарлады Алматы қаласаның ПД баспасөз қызметі.
Полиция азаматтарға қызметкерлердің заңды талаптарын орындау міндетті екенін ескертеді. Заңды талаптарға бағынбау заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Айта кетейік, бұған дейін сабақтағы төбелестен кейін Ақтауда оқушы ауруханаға түсті.
Тағы оқи отырыңыз:
Шахтинскіде 19 жастағы бойжеткенді автобус қағып кетті
Астанада автобус пен электрокар соқтығысып, төрт адам зардап шекті
Алматы облысында балаларды көлігімен қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші ұсталды