19 Қараша 2026, 20:33 Фото: видеодан скриншот

Алматыда әріптесімен төбелескен ер адам ұсталды: Әйелдің әрекеті де тексеріледі

Алматыдағы құрылыс дүкендерінің бірінде әріптестер арасында жанжал шығып, ер адам әйелге күш қолданған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 19 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді. Соның нәтижесінде оқиғаның қосымша мән-жайлары анықталды. Атап айтқанда, бейнежазбалардан әйелдің де әріптесіне қол көтергені белгілі болды. Оның әрекетіне де құқықтық баға беріледі, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.

Полиция қылмыстық істің тіркелмегені және сот-медициналық сараптама тағайындалмағаны туралы тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты әрі объективті түрде анықталуда.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында балабақшада тәрбиешінің баланы ұрып-соғуынан кейін қылмыстық іс қозғалды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Ақтөбеде студент қыз оқу ақысына жинаған 10 млн теңгеге жуық ақшасынан айырылды

Қалтасына салып, күртесіне тыққан: Оралда супермаркеттерден тауар ұрлаған ер адам ұсталды

Астанада көлігімен тротуарда жүрген Changan жүргізушісіне айыппұл салынды