9 жастағы бала рөлге отырған: Аралда ата-анаға айыппұл салынды
Арал ауданында 9 жастағы бала көлік жүргізгені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция әлеуметтік желіні бақылау кезінде 9 жастағы баланың Арал ауданындағы көшеде «Toyota Sienna» көлігін басқарып жүрген видеосын анықтады. Көлік баланың әкесіне тиесілі болып шықты.
Бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты міндетін тиісінше атқармағаны үшін баланың заңды өкілі әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен ата-анасына айыппұл салынды. Полиция отбасымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Құрметті ата-аналар! Балаларыңызды көлік руліне отырғызбаңыз, көліктің кілтін олардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі әр ата-ананың басты жауапкершілігі, - деп хабарлады Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада көлігімен тротуарда жүрген Changan жүргізушісіне айыппұл салынды.
Тағы оқи отырыңыз:
Астанада оқушы қыз екі сыныптасына пышақпен шабуыл жасады
Теміртау маңында із-түзсіз жоғалған 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Қазақстанда 7 жасөспірім «жарылғыш заттар» туралы жалған қоңырау шалғаны үшін жазаланды