«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін қайтаруды сұрады»: Ұлдана Мырзуанның анасы ақшаға қатысты тағы бір шындықты айтты
Астана қалалық сотында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысында марқұмның анасы Салима Омарова жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Осыған дейін Әділет Зейнел материалдық көмек ретінде берілген 20 млн теңгенің 4,5 млн теңгесін Ұлдананың ата-анасына бергенін айтқан еді.
Алайда Омарова 4,5 млн теңгені қызының қайтыс болуына байланысты берілген материалдық көмек ретінде емес, қарыз ретінде алғанын айтты.
Бұл қаражатты үлкен қызым Әділеттен қарызға сұраған, - деді марқұмның анасы сотта жауап бергенде.
Кейін 4,5 млн теңгені мамыр айында қайтару жайлы сөз болған.
Сол 4,5 миллион теңгені бастапқыда қызымның қажетіне байланысты алған болатынбыз. Кейін үлкен қызым Әділеттен осы соманы қарызға бере тұруын сұрадық. Алғашында бұл қаражатты белгілі бір мерзімге дейін пайдаланып, кейін өзіміз қайтарып береміз деп жоспарлағанбыз. Негізінде, бұл соманы бізге Әділет қарыз ретінде берген. Кейін 4,5 миллион теңгені мамыр айында қайтару жайлы сұрап, қайтармаған жағдайда Зейнелдің анасы - құдағи сот арқылы қайтаратындарын айтып, маған жазды, - деп айтты Ұлдананың анасы.
Еске салсақ, Астана қаласының ауданаралық сотында фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс бойынша жәбірленуші Әділет Зейнел қайғылы оқиғадан кейін отбасы алған материалдық көмек туралы айтып берді. Оның сөзінше, бұрынғы жұбайы қайтыс болғаннан кейін оларға 20 млн теңге қолма-қол берілген.
Сондай-ақ, Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерінің қауіпсіздігіне қатысты мәселе өзекті болып отыр. ОСИ қауымдастығының жетекшісі Ерлан Карбаевтың айтуынша, тұрғын үй қасбетінің құлауына оны қабырғаға дұрыс бекітпеу себеп болуы мүмкін.
Тағы оқи отырыңыз:
«Әзіл шығар деп ойладым»: Ұлдана Мырзуанның күйеуі сотта сол күнгі оқиғаны айтып берді
Сот отырысына ОСИ қорғаушысы келмеді: Судья оның әрекетін құрметсіздік деп бағалады
Адвокат судьяға қарсылық білдірді: Астана соты өтінішті қанағаттандырудан бас тартты