27 Қараша 2026, 15:07 Фото: видеодан скриншот

10 жыл іздеуде жүрген: Астанадағы қарақшылық шабуылға қатысы бар шетелдік күдікті Мадридте ұсталды

Қазақстанда қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 10 жыл бойы іздеуде жүрген шетел азаматы Испания Корольдігінен экстрадицияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстан Республикасының Испаниядағы Елшілігінің қолдауымен 10 жыл бұрын Астана қаласында жасалған қарақшылық шабуылды ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында шетел азаматын Испания Корольдігінен экстрадициялады.

Тергеу барысында күдіктінің екі сыбайласымен бірлесіп бетперде мен қолғапты алдын ала дайындап, жәбірленушінің үйіне терезе арқылы кіріп, оның ерік-жігерін басу үшін күш қолданып, пышақпен жарақат келтірген, содан кейін оның ақшалай қаражатын, зергерлік бұйымдары мен электрондық құрылғыларын иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін қатысушының біреуі ізін суытпай ұсталып, кейіннен 11 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, ал қалған сыбайластары қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланған. Кейіннен іздестіруде жүрген күдіктінің біреуі Мадрид қаласында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлады Бас прокуратураның ресми өкілі Ерлан Жанпейсов.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айып тағылған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Еске салайық, бұған дейін іздеуде жүрген күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды

ҰҚК, ІІМ және прокуратураның жалған құжаттары: Атырау облысында күдікті ұсталды

63 млн теңге айналым: Ақтауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы қамауға алынды