-
Ақтөбеде караоке-клуб ғимаратындағы өрт сөндірілді
Өрт екінші қабаттағы бөлме мен ғимараттың шатырына таралған.
24.06.2026
-
Pki.gov.kz сайтында жеке кабинетке кіру үшін енді eGov Mobile арқылы растау қажет
Бұл сайт электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін қолданылады.
24.06.2026
-
Эбола індеті өршіп тұр: 254 адам көз жұмды
Шамамен бір ай бұрын басталған індеттен бері Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырудың 1003 расталған жағдайы анықталды. Оның 254-і өліммен аяқталып, аурудың өлім-жітім деңгейі шамамен 25 пайызды құрады.
24.06.2026
-
Президент Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ елді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңғыртудың негізгі бағыттары талқыланды.
Президент
24.06.2026
-
Жайық өзеніне 1 миллионнан астам бекіре шабағы жіберілді
Бұл шара Каспийдегі бекіре қорын сақтауға бағытталған.
24.06.2026
-
Мемлекет басшысы «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеп, Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынас шынайы стратегиялық сипатқа ие болғанын атап өтті.
23.06.2026
-
Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашқан 3 жігіт сотталды
Қазіргі уақытта осы іс бойынша үш адамға үкім шықты. Ал төртінші күдікті әлі де іздестіріліп жатыр.
23.06.2026
-
Маунтинбайктан Азия чемпионаты-2026: ел намысын кімдер қорғайды
Құрлықтық додаға Қазақстан құрамасының сегіз спортшысы қатысады.
23.06.2026
-
Қазақстан қызанақ импортына уақытша шектеу қойды
Қызанақ импортына қойылған шектеу 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады.
23.06.2026
-
24 маусымда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ертең елдің барлық аймағында төтенше өрт қаупі сақталады.
23.06.2026
-
Президент ЕО және Еуропалық инвестициялық банктің ресми тұлғаларымен кездесті
Мемлекет басшысы бұл сапардың экономикалық құрамдас бөлігі, атап айтқанда, құны 12 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер мен меморандумдарға қол қойылуы еуропалық бизнестің Қазақстан экономикасына және елде жүргізіліп жатқан реформаларға деген сенімін байқататынын жеткізді.
23.06.2026
-
"Қазгидромет" төрт қалада ауаның ластануы туралы ескерту жасады
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия), олар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді.
22.06.2026
-
Алматыда заңсыз салынған «Береке» базары сүрілді
Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.
22.06.2026
-
Шығыс Қазақстанда 28 ауыл ішімдіктен бас тартты
Ауыл халқы алкогольден бас тарту денсаулықты нығайтуға, жауапкершілікті арттыруға және балалар мен жастарды тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасауға ықпал ететіндігін жеткізді.
22.06.2026
-
Тәжікстанда күнделікті таңғы жаттығу заңмен міндеттелді
Жаңа ережені сақтамағандарға тәртіптік жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, ескерту немесе сөгіс сияқты тәртіптік жаза түрлері қолданылуы мүмкін.
22.06.2026
-
Испания мен Жапония жарқырады: әлем чемпионатындағы соңғы ойындарға шолу
Турнирде фавориттермен қатар орта деңгейлі командалар да жақсы ойнап жатыр.
22.06.2026
-
«Жеңіл табыс» ауыр жазаға әкелді: Текелі тұрғыны дропперлік үшін айыппұл арқалады
Қадағалау органы банк карталарын, есепшоттарды, логиндер мен құпиясөздерді, SMS-кодтарды немесе мобильді банкингке қолжетімділікті үшінші тұлғаларға беру қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
22.06.2026
-
Маңғыстауда бет-жүзін тұмшалап алған 15 адам жауапқа тартылды
Маңғыстау облысында адамның жүзін тануға кедергі келтіретін киім киюге қатысты заң талаптарын бұзған 15 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
22.06.2026
-
Францияны аптап ыстық жайлады: мектептер жабылып, төтенше шаралар күшейтілді
Францияда маусым айындағы бұрын-соңды болмаған ыстыққа байланысты бірқатар өңірде қызыл қауіп деңгейі жарияланды. Аптап салдарынан теміржол қатынасы шектеліп, мектептердегі сабақтар тоқтатылды. Билік тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар енгізіп жатыр.
22.06.2026
-
АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер тығырыққа тіреле ме?
Швейцарияда басталған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер алғашқы күннен-ақ күрделі жағдайда өтіп жатыр. Ливандағы қақтығыс, Ормуз бұғазының тағдыры және тараптардың өзара қоқан-лоққыға толы мәлімдемелері диалогтың болашағына күмән туғызуда.
22.06.2026