Бүгiн 2026, 03:42
Фото: ТЖМ телеграм каналы
Ақтөбеде караоке-клуб ғимаратындағы өрт сөндірілді
Өрт екінші қабаттағы бөлме мен ғимараттың шатырына таралған.
Ақтөбе қаласында Сәңкібай батыр даңғылы бойында орналасқан екі қабатты караоке-клуб ғимаратында өрт шықты.
Өрт екінші қабаттағы бөлме мен ғимараттың шатырына таралған.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін мекеменің 7 қызметкері өздігінен сыртқа шыққан. Оқиға кезінде ғимаратта келушілер болмаған.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.