Жоба бекіре популяциясын жасанды жолмен молықтыру және Қазақстанның Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында жүзеге асырылып отыр.
Атырау бекіре балық өсіру зауыты табиғи ортадан бекіре тұқымдас балықтарды аулап, оларды өсімін молайту мақсатында көбейтумен айналысатын мемлекеттік монополия субъектісі саналады.
Мамандардың айтуынша, зауытта қолданылатын биотехнология шабақтардың табиғи ортаға бейімделу деңгейін арттырады. Тоған жағдайында өсірілген шабақтар табиғи қорекпен қоректеніп, қоршаған ортаға тез бейімделеді және су айдындарына жіберілгеннен кейін өміршеңдігі жоғары болады.
2026 жылға арналған мемлекеттік тапсырысты орындау жұмыстары мемлекеттік органдар, ғалымдар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қатысуымен жалғасып жатыр.