Америкалық журналист Нидерланды-Аргентина матчы кезінде көз жұмды

10 Желтоқсан 2022, 18:05
6456
Бөлісу:
Америкалық журналист Нидерланды-Аргентина матчы кезінде көз жұмды

Америкалық журналист, CBS қызметкері және «Бекхэм тәжірибесі» кітабының авторы Грант Валь Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Нидерланд пен Аргентина матчы кезінде көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы оның бауыры әлеуметтік желіде мәлімдеді. Журналистің қайтыс болғанын АҚШ футбол федерациясы да растап, көңіл айтты. 

Марқұмның бауыры Гранттың денсаулығы жақсы болғандығын, сондықтан оның өз өлімімен қайтқанына сенбейтінін жеткізді. 

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Грант Валь Аргентина – Нидерланд матчында футбол шолушысы болған.

Өзгелердің жаңалығы