Америкадағы орман өрті 60 шақырым аумақты шарпыды

26 Шілде 2022, 17:35
1791
Бөлісу:
Америкадағы орман өрті 60 шақырым аумақты шарпыды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Калифорнияда орын алған алапат орман өртін ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Өрт аумағы 60 шаршы шақырымнан асып кетті.

Бұл туралы Еuronews.com хабарлады.

Бірнеше мың жергілікті тұрғын аймақтан эвакуацияланды. Сондай-ақ бірнеше ғимарат жанып кеткен. Өрт Йосемити ұлттық паркіне қауіп төндіріп тұр. Демалыс күндері округте төтенше жағдай жарияланды.

Бұған дейін алапат орман өрті әлемдегі ең ежелгі Йосемити ұлттық паркіндегі секвойя ағаштарын жайлауы мүмкін екендігі туралы ақпарат тараған болатын. Өрт шыққан жағдайда секвойяны қорғау үшін Марипоса шағын орманына автоматты бүріккіштер орнатылды. Олардың біреуі дүние жүзіндегі ең биік әрі жуан ағаш саналатын Алып гриззли деген атауға ие секвойяның маңайындағы топырақты ылғалдандырып тұрады. 

Өзгелердің жаңалығы