Америкада тұңғыш қазақ мектебі ашылды

14 Сәуір 2022, 14:55
3372
Бөлісу:
Америкада тұңғыш қазақ мектебі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Пенсильвания штатына қарасты Филадельфия қаласында тұңғыш қазақ мектебі ашылды.

Бұл туралы KazUnite сайты хабарлады.

Бұл мектепте АҚШ-та туып, өсіп келе жатқан қазақ балалары ана тіліміз бен төл тарихымызды оқып, салт-дәстүрлерімізді санасына сіңіріп, Әнұранымызды шырқап, Құран сүрелерін жаттап, Домбыра үйренетін болады, - делінген жазбада.

Мұнда 6-16 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдер қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы