Америкада тағы бір асыранды қазақ қызы ата-анасын іздеп жүр

14 Қараша 2020, 10:28
5997
Бөлісу:
Америкада тағы бір асыранды қазақ қызы ата-анасын іздеп жүр
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ.  Америкалықтар асырап алған Әсем Асылбекова Алматы қаласы маңындағы Есік қаласындағы балалар үйінде болғанын айтады. Бұл туралы Аlmaty.tv хабарлады.

«Мен қазақпын. Тек анамның кім екенін білгім келеді» небәрі 1 жасында шетел азаматтары асырап алған Әсем Асылбекова осылай дейді. Туған анасымен танысып, бет-жүзін бір көрсем деген арманы бар. Жақында Әсем көпшіліктен көмек сұрап, анасын іздестіруге кіріскен.

Әсем Асылбекова Америкада өмір сүріп жатыр. Қазіргі аты-жөні Сара Найт. Ол өзінің қазақ екенін ғана біледі екен. Кімнің қызы? Тегі қандай? Қайда туған? Осы сұрақтар қандасымызды мазалайды. Мектепте сыныптастарым осындай сауал қойғанда не деп жауап беретінімді білмей қаламын дейді. Қолында анасының баласынан бас тартқан құжаты ғана  бар. Онда тек қол хат иесінің аты мен фамилиясы жазылған.

Америкада тағы бір асыранды қазақ қызы ата-анасын іздеп жүр

Анамның аты Саида Асылбекова екен. Қолхатта солай жазылған. Мен сол кісіні тауып тілдескім келеді. Басқа артық ойым жоқ. Материалдық тұрғыдан мен ештеңе қаламаймын. Тек ата-анамның кім екенін білсем болды. Қазіргі отбасымда бақыттымын. Тегімнің қайдан екенін анықтағым келеді, – деді Сара Найт (Әсем Асылбекова)
Әсем Асылбекова тұрған балалар үйі қазір бағытын өзгертіп жіберіпті. Мұндағы сәбилер үйі Шелек қаласына ауысқан.

Америкада тағы бір асыранды қазақ қызы ата-анасын іздеп жүр

Гүлбану есімді азамат осы балабақшада дәрігер болып жұмыс істейді екен. Кезіндегі сәбилер үйінде де дәл сол қызметте болған. Айтуынша, Әсем секілді талай шақалақты шетелдіктер асырап алуға алып кетіпті. Нақты санды айта алмады. Бірақ көп бала шетел асып кеткенін айтады. Ал Әсемнің алты айдан бір жасқа дейінгі балалар тобында болғанын есіне түсірді. Алайда анасының кім екенін білмейді.

Әсемнің анасын іздестіруге Есік қаласының әкімдігі де кірісіп кетті. Жергілікті басқару органы Саида Асылбекова есімді азаматтың жүйеде жоқ екенін айтады. Баладан бас тарту қол хатын жазған сәтте жеке басын куәландыратын құжаты болмаған.

Өзгелердің жаңалығы