Амангелді Имановтың 150 жылдық мерейтойы Астанадан бастау алды

3 Сәуір 2023, 21:30
1820
Бөлісу:
Амангелді Имановтың 150 жылдық мерейтойы Астанадан бастау алды
Фото: дереккөз

Ұлттық музейде Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай «Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін 3 сәуір – халық батыры Амангелді Имановтың туған күні.

Амангелді Имановтың 150 жылдық мерейтойы Астанадан бастау алды

Мерейтойға арналған конференцияның пленарлық отырысында мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар сөз алып, ұлт-азаттық көтерілістің көшбасшыларына, соның ішінде А.Имановтың тарихи тұлғасына қатысты пайымдарын ортаға салды.

Амангелді Имановтың 150 жылдық мерейтойы Астанадан бастау алды

Конференция аясында Қостанай облысы музейлерінің қорынан «Халық батыры» атты көрме салтанатты түрде ашылды.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушыларды еске алу - елдің тарихи дамуының кез келген кезеңіндегі маңызды үрдіс. Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу халық тағдырындағы аса маңызды өзгеріс болып танылатын: аумақтар үшін күрес, сыртқы жауға қарсы тұру, мемлекеттің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау, маңызды саяси және мәдени жетістіктермен байланысты. Осындай тұлғалар қатарында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басшыларының бірі, патша әскеріне қарсы күрестің белсенді қатысушысы Амангелді Иманов бар.

Амангелді Имановтың 150 жылдық мерейтойы Астанадан бастау алды

Амангелді Имановтың өмір жолы Қостанай облысының тарихымен тығыз байланысты. 1910 жылы Амангелдінің руы өмір сүрген Терісбұтақ ауылында оның бастамасымен мектеп салынды. 1913 жылдан Амангелді «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетін жаздырып алып отырды. Амангелді Иманов көтеріліске дейін қазақ даласында халықтың азаттығы үшін күрескер, отарлық тәртіпке қарсы адам ретінде танылған.

Амангелді Имановтың 150 жылдық мерейтойы Астанадан бастау алды

Көрмеде тыл жұмыстарына шақыру туралы патша жарлығының жариялануына байланысты архив құжаттарының көшірмелері мен фотосуреттер, Амангелді Имановтың домбырасы, А.Имановтың туыстарының жеке заттары, сарбаздардың қару-жарақтары және Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің, бейнелеу өнерінің шеберлері Баки Урманче, Нағымбек Нұрмұхамедовтің кескіндеме туындылары, Қазақстанның халық суретшісі, мүсінші Хакімжан Наурызбаевтың және Украинаның халық суретшісі Ефим Белостоцкийдің мүсіндік туындылары қойылды.

Амангелді Имановтың 150 жылдық мерейтойы Астанадан бастау алды

Сонымен қатар батырдың шөпшегі, суретші Зарина Ниязованың баһадүр бабасына арнаған суреттер сериясы да көпшілік назарына ұсынылып отыр.

Көрме  Ұлттық музейде 2023 жылғы 3 сәуірден 3 мамырға дейін жұмыс істейді.

Бүгін кешкісін Е. Рахмадиев атындағы Астана мемлекеттік филармониясының шығармашылық ұжымдары «Дала дауылпазы» атты концерттік бағдарлама ұсынды.

Амангелді Имановтың 150 жылдық мерейтойы Астанадан бастау алды

Жалпы, Қостанай облысында А. Имановтың мерейтойына қатысты арнайы іс-шаралар жоспары қабылданған. Оған сәйкес А. Имановтың туған еліндегі ескерткішінің маңайы абаттандырылып, мемориалдық музейі жөндеуден өтеді. Оған қоса, аудан орталығындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің, мәдениет үйінің ғимараттары жөндеуден өткізуге, керекті жабдықтар сатып алуға облыстық бюджеттен қосымша қаражат бөлінген.

Қорытынды мерейтойлық шаралар алдағы қыркүйек айында Амангелді ауданында өтеді деп жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы