Аманаттықтар Қостанайдағы өрттен зардап шеккен тұрғындармен жүздесті

6 Қыркүйек 2022, 20:53
711
Бөлісу:
Аманаттықтар Қостанайдағы өрттен зардап шеккен тұрғындармен жүздесті
PHOTO

Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясының депутаттары Динара Зәкиева, Аманжол Әлтай және партия Хатшысы Ринат Кертаев Қостанай облысында өрттен зардап шеккендердің жағдайын сұрап барды. Сондай-ақ өрт сөндіруге жұмылдырылған қызметкерлермен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Партия мүшелері ауруханада жатқан Аманқарағай ауылының тұрғыны Темір Жүсіповтің жағдайын сұрап барды. Ол өрт кезінде ауылдасын эвакуациялауға көмектесіп жүріп, екі қолын күйік шалдырып алды. 

Аманаттықтар Қостанайдағы өрттен зардап шеккен тұрғындармен жүздесті

Бұл нағыз ерлік. Ол өз денсаулығына қауіп төніп тұрғанына қарамастан, жақынына көмектесті. Тезірек сауығып кетуін тілейміз», – деді Аманжол Әлтай.

Бұдан соң, партиялықтар Лесное және Озерное ауылдарының тұрғындарымен жүздесіп, азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті тауарларды тапсырды.

Аманаттықтар Қостанайдағы өрттен зардап шеккен тұрғындармен жүздесті

Лесное ауылының тұрғыны Фаруаз Әбдірахманов өрттен зардап шеккен жандардың барлығы отандастарымыздың, мемлекеттің қолдауын сезінетінін атап өтті. 

Президент баспанасынан айырылған адамдардың барлығына жаңа үй салынып береді деп сендірді. Ең бастысы – осы. Сондай-ақ, жиналған гуманитарлық көмек үшін халыққа айрықша алғыс айтамын, – деді ол.       

Өрт сөндірушілермен кездесуде осы саладағы қызметкерлердің материалдық-техникалық базасын, еңбек жағдайын және әлеуметтік қамтамасыз етілуін жақсарту сынды өзекті мәселелер талқыланды.

Аманаттықтар Қостанайдағы өрттен зардап шеккен тұрғындармен жүздесті

Апаттың алғашқы сағатынан бастап тынымсыз еңбек еткен өрт сөндірушілерге, құтқарушыларға, әскерге, полицияға, дәрігерлерге, еріктілерге барлық азаматтардың атынан алғыс білдіреміз, – деп атап өтті партия Хатшысы Ринат Кертаев.

Еске сала кетейік, аманаттықтар зардап шеккендерге 807 тонна гумантиарлық көмек жинады. «Жастар Рухы» ЖҚ-ның 300 волонтері төтенше жағдай орнында жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ 1200-ден астам ерікті гуманитарлық көмек жинау пункттеріне жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы