«AMANAT» партиясы жайылымдарды халыққа қайтарып берді

14 Маусым 2022, 22:20
1261
Бөлісу:
«AMANAT» партиясы жайылымдарды халыққа қайтарып берді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «AMANAT» партиясының бастамасынан кейін Қарағанды облысы Нұра ауданының тұрғындары 80 мың гектардан астам жайылымдық жерге қол жеткізді.

Бұл туралы «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

«AMANAT» партиясы жайылымдарды халыққа қайтарып берді

Жеке қосалқы шаруашылықтарға арналған жайылымдар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, ауыл әкімдері және жергілікті қоғамдастық арасындағы меморандум аясында берілген.

Дәл осындай меморандумдарға Жамбыл облысының Байзақ ауданында да қол қойылды. Мұндай тәжірибені бүкіл еліміз бойынша енгізу жоспарланып отыр.

«AMANAT» партиясы жайылымдарды халыққа қайтарып берді

Түймекент ауылының тұрғыны Айдар Иманбаевтың айтуынша, партиялықтар халық пен бизнес арасындағы көпірге айналып, түйткілді мәселенің сындарлы шешімін ұсынды.

Жеке ауладағы малды жаю мәселесі еліміздің барлық өңірінде өзекті. Бүгінде жайылым тапшылығы шамамен 22 млн. га. құрайды. Осы мәселені жедел шешу мақсатында «AMANAT» партиясы бір апта ішінде ауыл тұрғындарына уақытша пайдалану үшін ақысыз негізде жер беру бойынша жергілікті атқарушы органдармен және ірі шаруа қожалықтарымен жұмыс жүргізді», деді партия Хатшысы Эльдар Жұмағазиев.
 

«AMANAT» партиясы жайылымдарды халыққа қайтарып берді

Ол мәселені жүйелі түрде шешу үшін партия қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуге әрекет жасайтынын айтты. 

Атап айтқанда, жайылымдардың тозуына және шөлейттенуіне қарсы күрес жөніндегі бюджеттік бағдарламаны облыстық деңгейден ауылдық округтер әкімдерінің деңгейіне беру, мал басын ескере отырып, жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеме нормаларын жаңарту, елді мекен шекарасынан 5 км радиуста ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жайылым беруге тыйым салу және т.б. қажет.

Өзгелердің жаңалығы