Алжирдің Италияға газ жеткізуі арта түспек

20 Шілде 2022, 04:33
1429
Бөлісу:
Алжирдің Италияға газ жеткізуі арта түспек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алжирден Италияға газ жеткізу алдағы жылдары артады. 

Бұл туралы дүйсенбі күні Италия премьер-министрі Марио Драги Солтүстік Африка елінің астанасында Алжир президенті Абделмаджид Теббунмен кездесуінен кейін мәлімдеді деп хабарлайды Синьхуа.

Сонымен қатар, көшбасшылар инфрақұрылымды дамыту, қылмыспен күрес, инвестицияны ынталандыру, фармацевтика, ғылыми зерттеулер және мәдени мұраны қорғау сияқты салаларда ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қоюға келісті.

Алжирдің APS ақпарат агенттігі жұма күні елдің Италияға газ жеткізуді биыл 4 миллиард текше метрге арттыруға дайын екенін хабарлады.

Ресей-Украина қақтығысы жанар-жағармай бағасының күрт өсуіне әкелді және Ресей Федерациясынан келетін газдың қысқаруына себеп болуы мүмкін. Рим Ресей газынан біртіндеп бас тартуды қалайды, сондықтан Алжирден жеткізілімдердің маңызы артып келеді.

Қақтығысқа дейін Ресей Федерациясы Италияға ең ірі газ жеткізуші болды.

М.Драги Украина дағдарысы басталғаннан кейін көп ұзамай сәуір айында Алжирде болды, ал А.Теббун Римге мамырда келді.

Өзгелердің жаңалығы