Алыс жолға шығатындарға шұғыл хабарлама жасалды

7 Ақпан 2024, 17:52
11677
Бөлісу:
Алыс жолға шығатындарға шұғыл хабарлама жасалды
Фото: BAQ.KZ - архив

"ҚазАвтоЖол" ауа райының күрт нашарлауына байланысты алыс сапарға шығатындарға шұғыл хабарлама жасап, аса қажеттілік болмаса, елді мекен аумағынан шықпауды сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Компания мәліметінше, Қазақстанның 12 облысында ауа райы бұзылып, көктайғақ болады. 

Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар, "Казгидромет" ақпаратына сәйкес, 7 ақпаннан бастап 9 ақпанға дейін еліміздің бірқатар облысында ауа райы бұзылады. Жетісу, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Абай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қарағанды мен Ұлытау облыстарында 30 м/сек дейін желдің күшеюі, қар аралас жаңбыр салдарынан көктайғақ күтілуде. Таулы аймақтардағы қалың тұманның кесірінен көру қашықтығы төмендейді. Жол қызметкерлері көктайғаққа қарсы материалдарды дайындап, күшейтілген тәртіптегі жұмысқа кірісті. Дегенмен, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізу мүмкіндігі туралы ескертеміз. Алыс сапарлардан бас тартып, аса қажеттілік болмаса елді мекен аумағынан шықпауларыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы