Алыс ауылдағы ат әбзелдерін жасайтын шебер

28 Қаңтар 2024, 08:48
660
Бөлісу:
Алыс ауылдағы ат әбзелдерін жасайтын шебер
Фото: жеке архив

Атадан балаға мирас болып келе жатқан кәсіпті меңгерген Мейіржан Мұхитұлы ат әбзелдерін жасайтын шебер. Бала кезінен әке жанында жүріп, қамшы өріп қолғабыс қылған оның бүгінде ауқымды кәсібі бар.

Алақандай ауылда ата кәсіпті дәріптеп, маңдай терімен еңбек етіп жүрген Мейіржанның он саусағынан өнер тамған ұсталығы, шеберлігінде мін жоқ.

Алыс ауылдағы ат әбзелдерін жасайтын шебер

Айыл, тартпа, ер-тоқым, жүгеннің түр-түрін жасайтын шеберге Қазақстанның барлық аймағынан тапсырыс түседі. Көбінесе көкпарға арналған мықты ер, жүгенге тапсырыс қабылдайды екен. Сонымен қатар, бәйге аты үшін негізгі әбзел – жабу түрлеріне көптеп тапсырыс алады. Оның ішінде заманауи, салтанатты жабу түрлері де ерекше сұранысқа ие дейді.

Негізінен, отандық кәсіп қой менікі, соны өркендету басты ойым. Сұраныс өте көп. Тек уақытылы тапсырып үлгеру керек. Қызығушылығы көп жас балалардың. Шыдам керек негізі. Еңбек, әр нәрсеге мұқияттылық бастысы, - дейді шебер Мейіржан Мұхитұлы.

Қол күші мен ерекше ерік-жігерді, төзімді талап ететін жұмыста ең бастысы қызығушылық пен жауапкершілікті басты назарға алу керек.

Мейіржан алдағы уақытта кәсібін кеңейтпек. Қазірдің өзінде нарықтағы сұраныс жоғары. Онлайн тапсырыстарды орындап қана қоймай, отандық өндіріс ретінде жолға қойғысы келеді.

Өзгелердің жаңалығы