Ғалымдар коронавирустың миға ену қабілетін растады

10 Қазан 2020, 15:23
1196
Бөлісу:
Ғалымдар коронавирустың миға ену қабілетін растады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандардың айтуынша, зерттеу барысында вирус белгілері ми жүйесінің жасушаларында және одан шығатын нейрондарда анықталды.

Дәрігерлер COVID-19-дан қайтыс болған адамдарға зерттеу барысында  науқастардың көпшілігінің миында коронавирустың іздерін тапты. Бұл туралы Гамбург-Эппендорф университет клиникасы ғалымдарының зерттеуінде айтылған.

Эксперимент кезінде дәрігерлер 43 жастан 51 жасқа дейінгі 94 адамның денелерін аутопсиялады. Сонымен, жағдайлардың 53% - ында мида коронавирус анықталды. Оның іздері ми жүйесінің жасушаларында және одан шығатын нейрондарда көрініс тапқан.

Сонымен қатар, пациенттердің 14% - ында ошақты ишемиялық зақымданулар болған, ал 86%-ында астроглиоз (жақын орналасқан нейрондардың жойылуына байланысты жүйке тінінің жасушаларын қолдайтын астроциттердің қалыптан тыс ұлғаюы), деп жазады The Lancet.

Зерттеу авторлары коронавирустың енуіне байланысты мидағы өзгерістер шамалы екенін айтады. Ғалымдар вирустың орталық жүйке жүйесіне тікелей деструктивті әсерін тіркеген жоқ.

Бұған дейін Еуропадан келген ғалымдар тобы коронавирустың миға қалай енетінін анықтаған. Biorxiv кітапханасында жарияланған зерттеуде инфекцияның миға енуінің себебі-нейропилин-1 ақуызы.

Өзгелердің жаңалығы