«Алтын түлек» жеңімпаздары университет гранттарына ие болды

24 Наурыз 2023, 13:24
3190
Бөлісу:
«Алтын түлек» жеңімпаздары университет гранттарына ие болды
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

2023 жылдың 11 наурызында 10-11 сынып оқушылары арасындағы «V Алтын түлек» олимпиадасының республикалық кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олимпиадаға республикамыздың 14 өңірінен барлығы 1875 оқушы бақ сынады. Оның ішінде 908 бала 10 сынып оқушысы болса, 967 бала 11 сынып оқушылары. 

Республикалық «V Алтын түлек» олимпиадасы ҚР Ғылым және  жоғары білім министрлігі мен Дарын Республикалық Ғылыми-Практикалық Орталығының қолдауымен өңірлердегі жоғары оқу орындарының базасында өткізілді. 

Республика бойынша ең жоғары ұпайды иеленген Астана қаласындағы А. Байтұрсынұлы атындағы BINOM мектебінің 11 сынып оқушысы  Жанахметов Аңсарға CYPRUS SCIENCE UNIVERSITY гранты және Түркістан облысы Кентау қаласы Дарын мектебінің 11 сынып оқушысы Камилханов Абдусаматқа Istanbul Aydin Univercity гранты табысталды.

«Алтын түлек» жеңімпаздары университет гранттарына ие болды

Сонымен қатар республика бойынша Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің грантын Астана қаласындағы №93 мектеп лицейінің 11 сынып оқушысы Байжұма Айбек иеленсе, Алматы қаласындағы №173 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Айдабай Айғанымға Suleyman Demirel University (СДУ) гранты бұйырды. 

Қазақстан-Британ техникалық университетінің (КБТУ) грантын Ақтөбе қаласындағы «Білім» мектебінің 11 сынып оқушысы Сламғалиев Еркін қанжығасына байлады.

«Алтын түлек» жеңімпаздары университет гранттарына ие болды

Жоғары оқу орындары олимпиаданы университет базасында өткізумен қатар педагогикалық, техникалық мамандықтарға (57 грант) бөлу арқылы «Алтын түлек» олимпиадасының мәртебесін асқақтатты. Сонымен қатар қосымша 2 шетел гранты табысталды. 

Марапаттарды табыстау рәсіміне жоғары оқу орындарының басшылары мен аймақтық «Дарын» орталықтарының директорлары қатысты.

Олимпиада қатысушыларына университет тарапынан кәсіптік бағдар жұмыстары да жүргізіліп, отандық ЖОО туралы жан-жақты ақпараттар берілді.

Өзгелердің жаңалығы