"Алтын Орданың" бұрынғы басшылығына іздеу жарияланды

16 Қаңтар 2023, 09:25
3593
Бөлісу:
"Алтын Орданың" бұрынғы басшылығына іздеу жарияланды
Фото: Twitter/INTERPOL_HQ

Алматы облысы Қарасай ауданы Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Алтын Орда» базарының бұрынғы басшылығына іздеу жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келесі адамдар іздеуге жарияланды:

-  Данияр Әпдіғапаров 1982 жылы туған. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған. 

- Жұмадин Патов, 1982 жылы туған. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланды. 

- Қанат Жақаев, 1984 жылы туған, Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған. 

- Айдос Нұрқалиев, 1986 жылы туған, Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған. 

Осы адамдарды ұстап, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Нәтижелері кейінірек хабарланады.

"Алтын Орданың" бұрынғы басшылығына іздеу жарияланды
Өзгелердің жаңалығы