Алтын глобус-2020. Үздіктер қатарында "Чернобыль", Хоакин Феникс және Квентин Тарантино

6 Қаңтар 2020, 15:05
3746
Бөлісу:
Алтын глобус-2020. Үздіктер қатарында "Чернобыль", Хоакин Феникс және Квентин Тарантино
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Лос-Анджелесте (АҚШ) 77-рет "Алтын глобус" сыйлығының марапаттау рәсімі өтті. 

Голливуд шетел баспасөз қауымдастығы (Hollywood Foreign Press Association, HFPA) "ең үздік драмалық фильм" деп соғыс тақырыбындағы "1917" картинаны таңдады. Ал лентаны қоюшы Сэм Мендес "Үздік режиссер" санатындағы сыйлыққа ие болды.

5e12dda4777e4.jpg

Табысқа кенелгендер арасында Квентин Тарантиноның "Бір кездері Голливудта" жаңа картинасы да бар. Оның фильмі комедиялық жанрдағы ең үздік фильм ретінде және ең үздік сценарий үшін марапатталды. Ал онда ойнаған Брэд Питт – екінші пландағы ең үздік актер атанды.

Хоакин Феникс "Джокердегі" рөлі үшін "үздік драмалық актер" деп танылды. Ал Рене Зеллвегер "Джуди" байопигінде Джуди Гарландты керемет сомдағаны үшін "ең үздік драмалық актриса" деп таңдалды, - делінген хабарламада.
5e12e0d0cc914.jpg

Оңтүстік кореялық режиссер Пон Чжун Хо "Паразиттер" картинасы үшін "Шетел тіліндегі үздік фильм" санатында "Алтын глобус" сыйлығын жеңіп алды.

Телевизия санатында барлығы бірқалыпты және жоспар бойынша өтті деуге болады. Оның қорытындысы бойынша үздік мини-сериал – "Чернобыль". Ал онда ойнаған Стеллан Скарсгард - "ТВ-дағы екінші пландағы үздік актер" деп жарияланды. 

5e12defa86a1e.jpg

Аквафина – "Алтын глобусқа" ие болған Азиядан шыққан алғашқы актриса. Қазылар алқасы оны "Қоштасу" драмасындағы рөлі үшін "Комедиядағы немесе мюзиклдегі үздік актриса" санатында атап өтті.

5e12e04926f04.jpg

Сесил Б. ДеМилль атындағы құрметті "Алтын глобуспен" карьерасындағы жетістіктері үшін Том Хэнкс марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы