«Алтын достық» деректі фильмі бүгін телеарналардан көрсетіледі

21 Мамыр 2023, 15:00
621
Бөлісу:
«Алтын достық» деректі фильмі бүгін телеарналардан көрсетіледі
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары туралы деректі фильм түсірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Сиань қаласында Қытай басшысы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізіп, оның барысында стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.

Қытайда Қазақстан Президенті «Орталық Азия-Қытай» саммитіне де қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындысын Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің «Алтын достық» атты жаңа деректі фильмінен көруге болады.

Телетуынды бүгін телеарналардан көпшілік назарына ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы