«Алтай-Путинцево» тасжолында жасанды жолмен қар көшкіні жүргізілді

7 Сәуір 2022, 10:58
1235
Бөлісу:
«Алтай-Путинцево» тасжолында жасанды жолмен қар көшкіні жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да тағы бір жол бойында жасанды жолмен қар көшкіні жүргізілді, деп хабарлады Алтайньюс.

6 сәуір күні «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары «Алтай-Путинцево» тасжолында қауіпсіздік мақсатында жасанды қар көшкінін жүргізді. Нәтижесінде жол бойындағы 4 учаскеден жалпы көлемі 790 текше метр қар түсірілген.

Алайда, бұл қауіп сейілді деген сөз емес. Өңірдің кейбір таулы аймақтарында бірнеше күн бойы көшкін жүру қаупі сақталатын болады. Ондай жерлерге күн сайын мониторинг  жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға әзірге таулы аймақтарға бармау керектігін ескертеміз, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кету керек, жыл басынан бері жол бойында 112 мәрте жасанды қар көшкіні жүргізілді. 

Өзгелердің жаңалығы