ALTAI телеарнасына - 65 жыл

22 Мамыр 2023, 16:20
2754
Бөлісу:
ALTAI телеарнасына - 65 жыл
PHOTO

 ALTAI телеарнасы 65 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңір шежіресін таспалап, жаңалығын жұртқа жеткізген, көгілдір экран арқылы көпшіліктің көңіл төрінен орын алған аймақтың басты арнасы ALTAI телеарнасы 65 жылдық мерейтойына орай іргелі ұжымның қалыптасу тарихынан сыр шертетін көрмені халық назарына ұсынды. 

ALTAI телеарнасына - 65 жыл

Мұнда келушілер телеарна туралы тың ақпараттармен танысып, теледидар журналистері қолданған техникаларды көре алады. Көрменің лентасын қию рәсіміне Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінің теле-радиоарналарында ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы Айбек Теміров, Қазақстан республикалық телерадиокорпорациясы басқарма төрайымының орынбасары Еркін Мұхамеджанов, «Казцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев қатысты. 

ALTAI телеарнасына - 65 жыл

Телеарна директоры Нұртас Солтанұлы Көшеров көпшілікті облыстық арнаның қалыптасу және даму тарихымен таныстырды.

ALTAI телеарнасына - 65 жыл

Шығыстың басты арнасы құрылғаннан бері белгілі бір деңгейде жұмыс істеп келеді. Маманның аздығы, техника тапшылығы, студия тарлығы Қазақ телевизиясын қалыптастыруға еш кедергі келтірмеді. Телеарна тарландары тәуекел етіп, барын салып жұмыс істеді. Алғашқы хабарлар әр аймақтың әлеуметтік-мәдени, шаруашылық өмірін тасқа басты. Бастапқыда шығарылымға фотосуреттер қолданылды. Кейін оларды кинотаспалар өнімі алмастырды.1959 жылдан бастап, аймақта киноөндіріс құрыла бастады. Операторлар «Киев-С» деген қарапайым камерамен жұмыс істеді. Ол камераларда түсірілім 15 метрлік пленкасы бар касеталармен жүргізілетін. Ең қызығы сол, 15 метрлік пленка тек 1 минуттық түсірілімге жететін.

ALTAI телеарнасына - 65 жыл

Көрменің соңы ШҚО-ның басты мәдениет сарайы саналатын «Ертіс концерт» ғимаратындағы салтанатты жиынға ұласты. Әуезді ән, күмбірлеген күй, мың бұралған би өткен мерекелік концерттің көркін қыздырды. Олардың қатарында: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткач, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Ботагөз Жұмабекова, Жәнібек Симбаев, Нұргүл Қабдоллаева бар. 

ALTAI телеарнасына - 65 жыл

Байжігіт атындағы қазақ ұлт асаптар оркестрі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің симфониялық оркестрі бірлесе «Дайрабай» күйін орындап қатысушылардың көңілін бір серпілтті. Көрермендер телеарнаның ашылуы туралы баяндайтын қызықты театрландырылған көріністер мен басқа да әсерлі қойылымдарға қанық болды. Шара соңында «Altai» телеарнасының ұжымы мерекеге орайластырылып жазылған арнайы әнұранды орындап, кешті қорытындылады. Әнұранның сөзін ақын Сарин Қалқаман Айымғазыұлы жазса, музыкасын компазитор Ернар Үсенов шығарды. 

Айта кетейік, салтанатты кеш аяқталғаннан кейін мерекелік дастархан жайылып,телестудия ардагерлері мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Фото авторы: Аяужан Әшімова

Өзгелердің жаңалығы