Альпі тауларында қар көшкіні жүріп, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Хабар24 жазды.
Бірнеше азамат жараланған. Бұл туралы елдің Ішкі істер департаментінің басшысы Жеральд Дарманен мәлім етті.
Апат Ле-Контамин-Монжуа өңірінде тіркелген. Қаза тапқандар шаңғышылар болуы мүмкін. Олардың есімдері анықталып жатыр. Жергілікті тұрғындар мамандар апат туралы ешқандай ескерту жасамағанын айтады.