Алматының жоғарғы аумағында енді көпқабатты үйлер салынбайды

30 Наурыз 2022, 12:16
2311
Бөлісу:
Алматының жоғарғы аумағында енді көпқабатты үйлер салынбайды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Абай мен әл-Фараби даңғылдары аралығында көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің қабаттылығына шектеу қойылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Аlmaty.tv хабарлады.

Одан бөлек, қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы әзірлеген жобаға сәйкес, Абай даңғылының жоғарғы жағынан әл-Фараби даңғылы аралығында бой көтеретін үйлер ендігіде 9 қабаттан аспауы тиіс.

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджановтың айтуынша, бұл шешім ең біріншіден, тұрғындардың сұранысына байланысты әзірленген. Нормативтік құқықтық акт күшіне енуі үшін ол Алматы қаласы мәслихатында қабылданып, Қазақстан Республикасының әділет органдарының тіркеуінен өтуі қажет.  

Тұрғын үйлер саны тез өсіп жатыр. Ал әлеуметтік ғимараттар үлгере алмай жатыр. Сол себепті оны дұрыстап реттеу үшін біз осындай архитектуралық саясатты шығардық, - деді Ахмеджанов.
 

Өзгелердің жаңалығы