Алматының Жас Қанат шағын ауданында скейт-парк ашылды

9 Қараша 2020, 09:50
1654
Бөлісу:
Алматының Жас Қанат шағын ауданында скейт-парк ашылды

Алматы, BAQ.KZ. Жаңадан ашылған скейт-парк бастауыш, орта және жоғары деңгейлі райдерлерге бағытталған.

Түркісіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров Жас Қанат шағын ауданында скейт-парктің құрылысы аяқталғанын мәлімдеді. Онда роликті коньки, скейтбордтар мен ВМХ велосипедпен жүруге болады. 

Мұнда әр түрлі деңгейдегі спортпен шұғылданатын жасөспірімдер көптеп келеді. Экстремалды спорт түрлерімен айналысатын адамдар үшін тартылыс орталығын құру идеясы бұрыннан бері пайда болды. «DWS Group» компаниясының демеушілігінің арқасында оны іске асыруға мүмкіндік туды, - деп жазды аудан әкімі facebook-тегі парақшасына.

Сейт-парк 2 аймаққа бөлінген: стрит аймағы (қалалық ортаға еліктеу) және жаңадан келген спортшыларды жаттықтыруға арналған көптеген бос орындар мен жабдықтарды ұсынатын флэт аймағы бар.

Алматының Жас Қанат шағын ауданында скейт-парк ашылды

Скейт-парктің жасақталуы көрсетілім қойылымдарын, демо-шоуларды, мастер-класстарды, сондай-ақ жергілікті, өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, шағын ауданды белсенді көгалдандыруды жалғастырудамыз. Бүгін тағы 100 ағаш отырғызылды. Жоғарыда айтылғандай, осыған ұқсас жұмыстар ауданның тағы бірнеше аумағында қатар жүргізілуде. Ауданымыздың жасыл қорын сақтау және көбейту біз үшін негізгі міндеттердің бірі, - деді Б. Ақжаров.
Өзгелердің жаңалығы