Алматының жарықсыз қалған аудандарына электр энергиясы қайта берілді

6 Қаңтар 2021, 05:33
1243
Бөлісу:
Алматының жарықсыз қалған аудандарына электр энергиясы қайта берілді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының тұтынушыларына электр энергиясын беру 19:40-та қалпына келтірілді.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 2021 жылдың 5 қаңтар күні сағат 17:45-те Алматы өңірінде электр қуаты үзілді.

KEGOK АҚ-ға тиесілі «Солтүстік-Оңтүстік-Восток» үш 500 кВ электр беру желілерін авариялық тоқтату нәтижесінде жүйенің авариялық автоматты жабдықтары өшірілді. Жүйелік апаттық басқарудың автоматикасы Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтаудан ажыратты, – делінген хабарламада.

Тұтынушылардың ажыратылған жүктемесі 460 МВт-ты құрады.

«Солтүстік-Оңтүстік-Шығыс» 500 кВ электр жеткізу желісін қосқаннан кейін, жүйелік оператордың бұйрығымен сағат 18:00-де апаттық бригадалар ажыратылған тұтынушыларды біртіндеп желіге қоса бастаған.

19:40-та Алматы қаласының барлық тұтынушыларына электр қуатын жеткізу қалпына келтірілді. Қалпына келтіру жұмыстарын «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жүргізді, – деп хабарлады қала әкімдігінен.

Өзгелердің жаңалығы