Алматының үш ауданында суық су болмайды

24 Мамыр 2024, 14:15
6960
Бөлісу:
Алматының үш ауданында суық су болмайды
Фото: -архив

Қаланың бірнеше ауданында бір тәуліктен астам уақытқа суық су өшіріледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

"Алматы су" МКК 29 мамыр күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін су болмайтынын айтты. Төменде көрсетілген аумақта орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады:

Бостандық ауданы: Абай даңғылы – Манас, Тимирязев, Жандосов көшелерінде, Үлкен Алматы өзені; Жароков, Өтепов көшесінде – Гагарин даңғылы, Атакент көрме кешенінің аумағында.

Алмалы ауданы: Абай – Әуезов – Жамбыл – Манас; Абай – Әуезов – Төле би – Розыбакиев; Абай – Розыбакиев – Құлымбетов – Тұрғұт Өзал көшелерінде. 

Әуезов ауданы: Абай – Щепетков даңғылы – Үлкен Алматы өзені – Сәтбаев көшесінде; Өтеген батыр көшесінде.

Аталған көшелерде орналасқан мектептер мен балабақшаларға су автоцистерналармен жеткізіледі.

Жөндеу жұмыстарын уақтылы орындау аталған учаскелердің тұтынушыларын сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз,- дейді "Алматы су" мекемесі.

Өзгелердің жаңалығы