Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматының үлкен айналма жолы: қала кіреберісіндегі көлік кептелісі мәселесі шешілді ме?

16 Маусым 2025, 17:36
1150
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Алматының үлкен айналма жолының пайда болуы 2023 жылы көлік қозғалысын 30%-ға төмендетуге көмектескен. Алайда 2025 жылы қаладан шығатын жолдарда көлік ағыны қайта күрт артқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылдың маусымында іске қосылған Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы (ҮАААЖ) трафикті азайту, мегаполистегі ауа сапасын жақсарту және кептелістерді төмендету секілді мәселелерді шешуі тиіс болған.

Sergek ITS мамандары 2023 жылы бұл жол іске қосылған сәтте Құлжа және Ташкент бағыттарындағы көлік қозғалысы орта есеппен 30%-ға төмендегенін анықтаған.

Мәселен, Үлкен Алматы айналма жолы енгізілгенге дейін, 2023 жылдың 1-15 маусым аралығында Құлжа тас жолы арқылы қаладан 74 мыңнан астам көлік шыққан болса, жол іске қосылғаннан кейін, яғни 16-31 шілде аралығында бұл көрсеткіш 48 мыңға дейін төмендеген.

Осындай жағдай Ташкент тас жолында да байқалған. 2023 жылдың маусым айының басында бұл бағытпен 172 мыңнан астам көлік өтсе, ҮАААЖ іске қосылған шілде айында бұл көрсеткіш 116 мыңға дейін қысқарған.

Мамандар бұл жағдайды жаңа жолдың транзиттік көліктерге қаланы айналып өтіп, жоғары жылдамдықпен және сапалы жол жабынымен қозғалу мүмкіндігін беруімен байланыстырады.

Алайда 2025 жылдың көктемінде дәл осы көшелерде жол кептелісінің 40%-ға артқаны тіркелді.

Алматының үлкен айналма жолы: қала кіреберісіндегі көлік кептелісі мәселесі шешілді ме?

Үлкен Алматы айналма автокөлік жолы бастапқы кезеңде кептелістер мәселесін айтарлықтай азайтты. Алайда көлік санының тез артуы мен халықтың көбеюі — трафикті және кептелісті азайту қажеттігін тағы да күн тәртібіне шығарып отыр, – деді Sergek Group мамандары.

Өзгелердің жаңалығы