Алматының таулы аймағында 30 см дейін қар түсті

2 Сәуір 2021, 11:51
1628
Бөлісу:
Алматының таулы аймағында 30 см дейін қар түсті

Алматы, BAQ.KZ. Қала ішіндегі қар биіктігі 6-8 см құрайды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда 1 сәуір күні таңғы сағат 7.00-ден бастап қар аралас жаңбыр жауып, 2 сәуір түнде тоқтады. Қаланың коммуналдық қызметі жолға көктайғаққа қарсы материал сеуіп, қарды тазалады. Жолға 1352 тонна арнайы материал себілген.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ орындары, жер үсті өткелдерін және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жалғасуда. Қаланың жоғарғы бөлігінен және жаяу жүргіншілер аймақтарынан 1344 текше метр қар шығарылды, - делінген хабарламада.

Қар тазалау жұмысына 503 техника бірлігі, оның ішінде 127 құмлақтырғыш пен 1080 жол жұмысшысы жұмылдырылған. Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, бүгін Алматыда бұлтты ауа райы күтіледі, ауық-ауық жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), түнде тұман, 0-5 м/с жел тұрады.

Ауа температурасы күндіз 3-5, түнде 0-2 аяз. 3 сәуірде көшпелі бұлт шығады, оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз 4-6 жылы, түнде 1-3 аяз. 

4 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 2-7 м/с.  Ауа температурасы 10-12 градусқа дейін жылынады.

Өзгелердің жаңалығы