Алматының тау бөктерінде заңсыз салынып жатқан таунхаус сүрілді

13 Желтоқсан 2022, 21:30
1051
Бөлісу:
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынып жатқан таунхаус сүрілді

Нұрлытау шағын ауданында салынып жатқан заңсыз құрылым сот орындаушыларының қатысуымен сүрілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл наурыз айында жоспардан тыс тексеру барысында нысанның заңсыз салынып жатқандығы анықталды. 

Нысан иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды. Нұсқама мерзімінің өтуіне байланысты заң бұзушылықтар жойылған жоқ. Осыған байланысты материалдар Бостандық аудандық сотына жіберілді. 

Аудандық сот бұзу туралы оң шешім шығарғанымен, меншік иесі оған кері шағымданған. Сот отырысының қорытындысы бойынша Алматы қалалық соты Бостандық аудандық сотының шешімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарды.

Өзгелердің жаңалығы