Алматының су басқан аудандарына түнгі кезекшілік қойылды

8 Тамыз 2023, 22:48
560
Бөлісу:
Алматының су басқан аудандарына түнгі кезекшілік қойылды

Алматыда су басуды алдын алу бойынша 34 патрульдік бригада, 102 адам түнгі кезекшілікке түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, су басудың алдын алу мен оның салдарын жою мақсатында 52 патрулды бригада, 24 мотопомпа және 260 жол қызметкерлері тартылды.

2450 құм қап дайындалды. Барлық су тасқыны жойылды. 34 патрульдік бригада, 26 мотопомпа және 102 жол қызметкерлерді түнгі кезекшілікке тарту жоспарлануда, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел кезекшінің мәліметінше, су тасқынына қатысты азаматтардан шағым түскен жоқ.

Сағат 19:00-ден кейін негізгі су ағыны арық желілері арқылы қаланың төменгі бөлігіне өтіп, сағат 20:00-де қалада жаңбыр суы жоқ.

Өзгелердің жаңалығы