Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимге көшті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аязды күндері тұрғындарды электр қуатымен, жылумен, сумен және газбен жабдықтауды үздіксіз түрде қамтамасыз ету үшін Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары күшейтілген режимге көшті. ⠀
Күтпеген жағдай туындаса, қаланың коммуналдық шаруашылығындағы жауапты тұлғалар, жедел және жөндеу қызметкерлері, сонымен қатар, Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының жеке құрамы осы жылдың 13-17 қаңтар аралығында тәулік бойы кезекшілік етеді.