Алматыда коронавирус жұқтыру қаупі жоғары жерлер айтылды

25 Тамыз 2021, 18:07
8149
Бөлісу:
Алматыда коронавирус жұқтыру қаупі жоғары жерлер айтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барсында тұрғындар коронавирусты жиі жұқтыратын жерлерді атады.

Бүгінде жұқтырудың негізгі бес орны бар. Олар сауда объектілері - 32%, отбасылық байланыс - 16%, қоғамдық көліктер - 17,1%, базарлар - 13%. Жұртшылық азық-түлік базарларында вирусты жиі жұқтырады - 9%. Сонымен қатар қазіргі шектеулі шаралар мен ұжымдық иммунитетінің артуына орай дерттің 2-3%-ға төмендегені байқалады, - деді ол.
Сонымен қатар ол бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, заң бұзушылықтардың азаймай тұрғанын жеткізді. 
Кейбір тұрғын бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысындағы талаптарды елемей, той, құдалық, мерейтойлық мерекелер ұйымдастыруды тоқтататар емес. Мұндай шаралардың салдарынан қала тұрғындарының өз денсаулықтарына ғана емес, жақындарының өміріне де қауіп төніп тұр. Тұрғындар қала маңындағы аудандарда және жалға алынған коттедждерде отбасылық мерекелер өткізуді жалғастыруда, - дейді Бекшин.
Айта кетсек, бұған дейін Бекшин «Спутник V» вакцинасының тиімділігі «дельта» штамына қарсы қанша пайызға төмендегенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы