Бекшин «Спутник V» вакцинасының тиімділігі «дельта» штамына қарсы қанша пайызға төмендегенін айтты

25 Тамыз 2021, 17:59
9483
Бөлісу:
Бекшин «Спутник V» вакцинасының тиімділігі «дельта» штамына қарсы қанша пайызға төмендегенін айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барсында вакцинаның «дельта» штамына қарсы қауқары қандай деген сұраққа жауап берді.

Әрбір вакцинаның өз тиімділігі бар. Мысал, Ухань штамына қарсы «Спутник V» вакцинасының тиімділігі 91,6 деп мәлімделген. Жақында осы вакцинаны әзірлеуші академик Гинцбург бұл вакцинаның «делта» штамына қарсы тиімділігі 83%-ға дейін төмендегенін айтты. Сондықтан вакцина алғандар арасында вирусты жұқтыру мүмкіндігі бар, - деді ол. 
Сонымен қатар ол қалада егде жастағы адамдар вакцина салдыруда белсенділік танытып отырғанын жеткізді.
Қала бойынша 60 жастан асқан 130 мыңға жуық адамға вакцина салу көзделген. Қазіргі сәтте 110 мыңнан астам егде адам вакцина салдырды. Осы континген вакцинаны белсенді түрде алып жатыр, - деді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Бекшин Алматыдағы коронавирусқа қатысты эпидахуал қыркүйектің 2-жартысында бірақ жақсаратынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы