Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жауап берді.
Қоғамдық көлікті отынның экологиялық таза түріне көшіру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Қоғамдық көлік жүйесінде 2 441 автобус бар. Соның ішінде 1 715 автобус (75%) дизель отынымен жүреді. Әкімдік дизель және бензин отынымен қоғамдық көлік сатып алуға тыйым салу туралы шешім қабылдады. Барлық қолданыстағы келісімшарттар тек газбен жүретін автобустарды жеткізуге бағытталған, - деді ол.
Әкімнің айтуынша, барлық қалалық автобустарды газ бен электр энергиясына көшіру жұмыстары басталды. 2020 жылы газ отынымен 150 автобус сатып алынды. 2021 жылы қалалық қоғамдық көліктің 500-ге жуық бірлігін газбен және электр қуатымен сатып алу жоспарлануда.
Сонымен қатар биыл қалаға кіре берісте 19 экологиялық бекет орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 9 экобекет орнатылған, қалған 10 бекет осы жылдың күзіне дейін кезең-кезеңімен орнатылады.
Стационарлық көздерден шығарындыларды азайту бойынша шаралар жоспарлы түрде қабылдануда. Мәселен, 2-ЖЭО бойынша газға ауыстыру мәселесі шешілді. 3-ЖЭО бойынша ТЭН әзірлеуді жобалау ұйымын анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Ал ЖЭО-1 2017 жылы газға көшірілді.
Қала тұрғындарын мегаполистің түрлі бөліктерінде ауа сапасы туралы ақпараттандыру жобасы іске қосылды. Қаланың 49 LED-экранындағы 41 датчиктен, сондай-ақ «Алматы» телеарнасынан келіп түседі. Деректер күніне үш рет жаңартылады, - деді Сағынтаев.Әкімнің айтуынша, биыл ауа мониторингі бойынша қосымша 60 датчик орнату жоспарлануда. Барлық деректер ақпаратты жинақтауға, талдауға және өңдеуге арналған ГАЖ жүйесіне шығарылады. Осылайша, қоршаған орта сапасының жағдайын болжау үшін мәліметтер базасы құрылады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда баспана жарнасы үшін берілетін сертификатқа қанша қаржы бөлінгені белгілі болды.